Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен желтоқсан оқиғасының 35 жылдығы аясында Алматыда «Желтоқсан – Ел Тәуелсіздігінің бастауы» деректі фильмінің тұсаукесері өтті. Барлық желтоқсан ұйымдарының өкілдерімен бірге премьераға Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров келді.
Деректі фильм 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушы – белсенділердің тағдыры және Алматының басты маңызы туралы баяндайды. Көрерменге бірегей архивтік кадрлар, қызықты адамдармен Эксклюзивті сұхбаттар ұсынылған, елдің саяси жаңару процесі қарапайым әрі түсінікті тілде сипатталған.
Мемлекет басшысы Қ.-Ж. Тоқаев өзінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында: «1986 жылы Қазақ халқының ұлдары мен қыздары Кеңес өкіметінің қаһарынан қорықпай, ұлт намысын қорғау үшін көшеге шықты. Бес 5 жылдан кейін біздің Тәуелсіздігіміз жарияланды. Біз желтоқсан батырларының ерлігі мен қаһармандығын лайықты бағалап, жан-жақты дәріптеуіміз керек».
«Желтоқсан – Ел Тәуелсіздігінің бастауы» деректі фильмінде күрделі тарихи кезеңге объективті баға беріліп, ұлы мақсат – Тәуелсіздікке жетудің күрделі жолы туралы баяндалады. Ерік бостандығын жақтаған жастар рухтың осы көтерілісін басқан тоталитарлық жүйенің қабырғасына тап болды.
Жазушы, Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары Мереке Құлкенов сол жылдардағы оқиғалар туралы объективті баяндайтын мұндай жұмыстың маңыздылығын атап өтті.
«Фильм өте жақсы, шын мәнінде деректі болып шықты. Мұрағаттық құжаттар, хроника, желтоқсан оқиғасына куәгерлер мен қатысушылардың әңгімелері пайдаланылды. Алматы әкімдігінің қолдауының арқасында желтоқсаншылардың тарихы мен рөлін объективті бағалау үшін тағы бір маңызды қадам жасалды, - деді М. Құлкенов.
Фильмнің премьералық көрсетіліміне барлық Желтоқсан ұйымының өкілдері шақырылды. Олардың қатарында Нұрлыбек Қуанбаев, Гүлбаһрам Жүніс, Мырзағұл Тәжіғұлұлы, Үміт Босманова, Талғат Рысқұлбек, Гүлмира Баятқызы бар.
Деректі фильмді «Алматы» телеарнасының шығармашылық тобы түсірген, құрамында режиссер Атлан Бұлыбаев, редактор Айдана Шалқарова және продюсер Әйгерім Асқарбай бар. Түсірілім процесі шамамен 5 айға созылды, нәтижесінде көрермендерге 60 минуттық деректі теледидарлық жоба ұсынылды.
«Алматы» телеарнасының бас директоры Нұржан Мұхамеджанова фильмнің тұсаукесерінде Желтоқсан оқиғасы ұлттық тарихта ерекше орын алатынын атап өтті.
«Желтоқсан қозғалысына қатысушыларды бостандық пен тәуелсіздіктің алғашқы қарлығашы деп атаған Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзін тарихи әділ баға деп санауға болады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басында жарияланған «Тәуелсіздік – ең қымбат» мақаласында да сол оқиғалардың тарихи маңыздылығын, қатысушылардың, ұлт батырларының батыл рухын атап өтті», - деп бөлісті Н. Мұхамеджанова.
Еске салсақ, тарихты, соның ішінде 1986 жылғы оқиғаларды сақтау шаралары аясында Алматыдағы көше «Желтоқсан» деп аталады, оның Республика алаңымен қиылысында «Тәуелсіздік таңы» монументі орналасқан. Ол Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен құрылған. Алматы көшелеріне Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев сынды батырлардың есімдері берілді.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі