Алматыда жеке тұрғын үйлерді газдандыру, көше жарығын модернизациялау және тозығы жеткен электр желілерін реконструкциялау жұмыстары жалғасып жатыр

31.03.2021

Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының мәліметі бойынша, бүгінде қала тұрғындарының 99%-ы газбен қамтылған. Газбен жабдықтау желісіне қосылмаған үйлердің жалпы саны 1587, оның ішінде:

  • 1411 үйдің газ желісіне қосылу мүмкіндігі бар;
  • 176 үй газ желісіне қосыла алмайды, өйткені газбен жабдықтаудың сыртқы желісі жоқ.

Бұл үйлердің мекенжайы 2022-2026 жылдарға арналған Инвестициялық бағдарламаны қалыптастыруға қатысты жұмыс жоспарына енгізу үшін  «ҚазТрансГаз» АҚ АлӨФ-на тапсырылды. 2020 жылдың желтоқсанындағы жағдай бойынша газға қосылмаған үйлердің жалпы саны 2342 болды, қазір 32%-ға азайды. Әлеуметтік аз қамтылған азаматтар тұратын 92 үй болды,  қазір 78%-ға азайды.

2021 жылы 40 км газ құбыры реконструкцияланады, соның арқасында өткізу қабілеті артып, газ желісіне қосылатын тұрғындар қатары артады.

Сондай-ақ 2019-2020 жылдар аралығында қаланың 14 көшесінде сыртқы жарық желілерін (СЖЖ) жаңарту жұмыстары жүргізілді. Былтыр қала шетіндегі 1423 көшеге (Алатау, Наурызбай, Жетісу, Түрксіб аудандары) жаңа СЖЖ орнатылды. Биыл қаланың 48 көшесінде СЖЖ жаңарту, сонымен қатар қаланың 601 көшесіне жаңа СЖЖ орнату жоспарланған.

Тозығы жеткен электр желілерін реконструкциялау бойынша былтыр «АЖК» АҚ-ның жеке қаражаты есебінен 293,4 км электр желілері жаңартылды. 2021 жылы тозығы жеткен электр желілерін азайту және Алматы тұрғындарын электрмен үздіксіз қамтамасыз ету үшін «АЖК» АҚ қаражаты есебінен 270 км электр желілерін жөнделеді.

Сонымен қатар басқарма «2035 жылға дейінгі перспективамен, 2030 жылға дейін Алматы қаласын электрмен жабдықтау сызбасын» әзірлеп жатыр.  Сызбаны әзірлеу Алматының электрмен жабдықтау жүйесін дамытудың экономикалық бағыттарын анықтау, электр көздері мен желілерін реконструкциялау және салудың кезектілігін айқындау қажеттігінен туындады.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі