26.07.2022

Қала аудандарының аумағындағы жұмыстарға қосымша 22 бірлік суару-жуу машиналары тартылды.

Ауа райының аптап ыстығына байланысты құрғақшылықпен күресу үшін  қаланың барлық ауданында жасыл желектерді суару жұмыстарын жиілетуге шешім қабылданды. Қажет болған жағдайда кейбір аумақтар күнде суарылады.

Көптеген аумақта автоматтандырылған суару жүйесі қолданылады. Сондай-ақ мердігер мекемелер помпыны пайдаланады. Жаяу жүргіншілер көшелеріндегі көгалдар автоматты суару жүйесі мен су тасығыштардың көмегімен суарылады.

Суару жұмыстары күн сайын кестеге сәйкес түнгі уақытта күшейтілген режимде жүргізіледі. Сондай-ақ саябақтарда, гүлзарлар мен жасыл аймақтардағы жасыл желектер қосымша суарылады.

Қала аудандарының аумағындағы жұмыстарға қосымша 22 бірлік суару-жуу машиналары тартылды. 25 шілдеден 26 шілдеге қараған түні 22 машина 66 рейс жасап, жасыл желектерді суаруға 660 м3 су пайдаланылды. Қаланың автомобиль жолдары бойындағы көгалдарды суару алаңы 105 мың м2.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.