Өңдеуге ҚР аумағында қолдануға рұқсат етілген қауіптіліктің төменгі санатындағы биологиялық препарат қолданылады.
Жасыл экономика басқармасының мердігер ұйымдары қаланың барлық аудандарындағы ағаштарды зиянкестерден сақтау үшін биологиялық өңдеу жұмыстарының бірінші кезеңін бастайды. Тиімділікті арттыру үшін жұмыстар түнгі уақытта сағ. 23:00 мен 06:00 аралығында жүргізіледі. Аталған уақыт мұндай жұмыстар үшін қолайлы болып саналады, себебі күн сәулесі дәрілік заттың зиянкестерге әсерін төмендетеді.
Өңдеуге ҚР аумағында қолдануға рұқсат етілген қауіптіліктің төменгі санатындағы биологиялық препарат қолданылады. Өзіндік иісі бар, алайда қоршаған ортаға, адамдарға, үй жануарлары мен өзге де тірі ағзаларға еш зияны жоқ.
Бірінші кезең жұмыстары қала бойынша бір ай бойы жүргізіледі. Келесі үш кезең маусым, шілде, тамыз айларында өткізіледі. Аулалар, саябақтар мен көше бойындағы барлық жасыл желекті өңдеу жоспарланған. Осы орайда қала тұрғындары мен қонақтарын түсіністік танытып, мамандардың жұмысына кедергі келтірмеулерін сұраймыз.
Дереккөз: Almaty.tv.