Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қалалық «QAYNAR BULAQ» алаңының ашылуына қатысты. «Қайнар нүктесіне» айналатын бұл алаң түрлі сала өкілдерін біріктіретін болады.
Коммуникативті кеңістік AlmaU базасында құрылды және Қазақстан үшін пилоттық болып табылады. Ол Ресейдің әртүрлі қалаларында 110-нан астам ұқсас кеңістіктен тұратын «Қайнар нүктесі» желісіне қосылады.
Қайнар нүктесі болып табылатын QAYNAR BULAQ негізгі жұмыс бағыттары қаланың барлық тұрғындарын қызықтыратын тақырыптардағы іс-шаралар болады, олар: білім, туризм және қалаларды дамыту, бизнесті дамытудың перспективалық бағыттары, жаңа технологиялар – үлкен деректер және жасанды интеллект.
Алматы әкімі Б. Сағынтаев бұл жобаның мегаполис үшін өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті, оның стратегиялық бағыттарының бірі – шығармашылық индустриялар мен АT-ны дамыту. Түрлі қауымдастықтар мен мемлекеттік органдар өкілдерінің белсенді қатысуы қаланың технологиялық, әлеуметтік-экономикалық және білім беру жөніндегі міндеттерін орындаудың шешімдерін табуға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі