21.06.2023
Алматының »Думан шағынауданында 500 келушіге арналған жаңа емхана салу жоспарлануда. Қазір жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.
Бүгінгі күні тозығы жеткен үй-жайларды бұзуға және №4 және №10 жедел жәрдем қосалқы станцияларының заманауи ғимараттарын салуға жобалық құжаттама әзірлеу басталды. Ағымдағы жылдың IV тоқсанында сейсмикалық күшейтумен »Алатау» қалалық ауруханасы жанындағы қалалық емхана ғимаратын қайта жаңартуға жобалық құжаттаманы аяқтау жоспарлануда. III тоқсанда № 2 қалалық мамандандырылған балалар үйін күрделі жөндеуге арналған құжаттама аяқталады.
Дереккөз: Almaty.tv