Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесу барысында айтып берді.
Алматыда жаңа автобус маршруты пайда болады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесу барысында айтып берді.
«Биыл ұзындығы 27,2 шақырым 28 көшедегі жолдар орташа жөндеуден өтті. Сонымен бірге, ұзындығы 18,1 шақырым 12 көшеге тротуар салынды. Келесі жылы ұзындығы 55,5 шақырым 39 көшедегі жолдарға орташа жөндеу жүргізіліп, ұзындығы 28,5 шақырым 22 көшеге тротуар салынады», – деді Ерболат Досаев.
Жыл соңына дейін 20 көшені жарықтандыру аяқталады. Медеу ауданының 86 көшесіне 2025 жылдың соңына дейін көше шамдары орнатылады.
9 маршрутты жаңарту үшін 101 жаңа автобус сатып алынды. Қазіргі таңда 4 маршруттың автобустары жаңартылды: №69 – 18 автобус, №201 – 24 автобус, №12 – 16 автобус, №71 – 10 автобус. Жыл соңына дейін тағы 5 маршруттың автобустары жаңартылады: №5, 5а, 5б, 5в – 8 автобус және №205 – 25 автобус.
Биыл қосымша №100 – 34 автобус маршруты іске қосылды. Келесі жылы Қалдаяқов көшесінен «Геолог» бау-бақша серіктестігіне дейін 1 жаңа маршрут іске қосылады.
Дереккөз: Almaty.tv.