19.07.2022
«Күміс жас» жобасына зейнеткерлікке 2 жыл қалған тұрғындар қатыса алады.
Алматыда зейнет жасына жақындаған азаматтар үшін жұмысқа орналасу мүмкіндігі ұсынылып отыр.
Халықты жұмыспен қамту орталығындағы »Күміс жас» жобасына зейнеткерлікке 2 жыл қалған тұрғындар қатыса алады. Бағдарламаға қатысу мерзімі 12 айдан аспайды. Орталықта тәжірибесі жоқ жұмыссыз жастардың да қызметке араласуына жағдай жасалуда. Бұл туралы нақты мәліметі студия қонағы Халықты жұмыспен қамту орталығы бөлімінің маманы Гүлзинат Рахманбердіқызы айтып береді. Толығырақ сілтемеден көре аласыздар.
Дереккөз: almaty.tv.