31.08.2022
Спорт ғимараттарын салу – қалалық саясаттың маңызды бағыты.
Алматыда үш дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ұлан Оңалбаев мәлімдеді.
Спикердің айтуынша, спорт ғимараттарын салу – қалалық саясаттың маңызды бағыты. Бұл қала тұрғындарының денсаулығы, салауатты өмір салтын қалыптастырады.
«Қаланың балалары мен жастарын қолжетімді спорт секцияларымен қамтамасыз ету, халықты салауатты өмір салтына тарту, ұлт денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында Жас Қанат, Алатау және Зерделі шағын аудандарында үш дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда», - деді Ұ. Оңалбаев.
Дереккөз: Almaty.tv.