Алматыда Тұңғыш Президент күніне және Тәуелсіздік күніне орай 2 мың азық-түлік жиынтығы бөлінеді

30.11.2021

Тұңғыш Президент күніне және Тәуелсіздік күніне орай «Halyk» қорымен бірлесіп 2 мың азық-түлік жиынтығын беру жоспарланып отыр. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымовтың қатысуымен Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында белгілі болды.

Алматы қаласының Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы демеушілер мен меценаттардың қолдауымен аз қамтылған отбасылардан шыққан 541 467 адамға азық-түлік жиынтығы, киім, аяқ киім, кресло-арба, ыстық тамақ, ойыншықтар, үйге қажетті заттар, тұрмыстық техника, спорт секцияларындағы сабақтар түрінде және т.б. қайырымдылық көмектер көрсетті.

ҚР Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында Алматы қаласының әкімдігі тиісті құжаттары бар желтоқсан оқиғасына қатысушыларға жыл сайын біржолғы әлеуметтік көмек төлейді (150 мың теңге). Қазіргі уақытта санаторлық-курорттық емдеуді ұсыну мәселесі қарастырылып жатыр.

Әлеуметтік қорғау мақсатында Алматы қаласында тіркелген және тұратын басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне:

1. санаторлық-курорттық емделу – жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін есепке алмай, алатын зейнетақы мөлшерінің 25%-ын төлей отырып;

2. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай 100 мың теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсету.

3. сондай-ақ Алматы қаласында қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру үшін жеңілдікті электрондық көлік карталары енгізілді (тегін).

Қиын өмірлік жағдайда қалған адамдар (тұрғылықты мекен-жайы жоқ) «Пана» әлеуметтік бейімдеу орталығына жүгіне алады, Мекен-жайы: Дундич көшесі, 2Б. Байланыс деректері: 251-37-68.

Орталықта психологиялық, медициналық және заң қызметтері көрсетіледі. Сонымен қатар, мұндай адамдарға құжаттарды қалпына келтіруге, жеке куәлікті алғашқы ресімдеуге (КСРО-ның Қызыл паспорты), отбасыларына оралуға, жасына байланысты зейнетақы ресімдеуге, мүгедектік тағайындауға, отанына оралуға (Қырғызстан, Өзбекстан және т.б.) көмектеседі.

Зейнеткерлік жас алдындағы адамдарға Халықты жұмыспен қамту орталығында тұрақты жұмыс орындарына тиісті бос жұмыс орындарын іріктеу жүзеге асырылады, сондай-ақ мемлекет субсидиялайтын орындарға – қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орындарына, қысқа мерзімді курстарға, гранттар беруге жолдамалар беріледі. Зейнеткерлік жастағы адамдар жұмыссыз ретінде ресми тіркеусіз жұмыс берушілердің белсенді бос орындарына жіберіледі.

Бұдан басқа, 2022 жылдан бастап Жұмыспен қамту шараларын іске асыру 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоспар шеңберінде жоспарланып отыр, атап айтқанда, жұмыссыздық кезеңі 1 жылдан асатын зейнетақы алдындағы жастағы адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша «күміс жас» жаңа бағытын енгізу көзделіп отыр (МЗЖ негізінде тексеру). Ұзақтығы: азамат зейнетке шыққанша 24 айға дейін. Субсидия мөлшері: қатысушының жалақысын 50%-ға дейін, бірақ 1 ЕТЖ (60 мың теңге) аспайтын мөлшерде бірлесіп қаржыландыру.

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі