Алматыда цифрландыруды дамытудың басым бағыттары туралы айтылды

03.02.2021

Алматыда 2020 жылы цифрлық жобаларды іске асыру және цифрландыру сапасын дамыту жоспары туралы Алматы ОКҚ алаңында өткен онлайн брифинг барысында Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев айтып берді.

Айта кетейік, 2020 жылғы жұмыс қорытындысы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев пен ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің қатысуымен өткен ІТ-кеңесте жасалды.

«2020 жылы міндеттердің бір бөлігі білім беру және спорт салаларындағы IT-шешімдердің отандық жеткізушілерін іздеуге, сондай-ақ тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық саласын автоматтандыруға деген қажеттілікті анықтауға бағытталды», — деп атап өтті Б.Қоңырбаев. ІТ-кеңес жұмысының қорытындысы бойынша Алматы әкімі мен ЦДИАӨМ басшысы «Зерде» холдингімен бірлесіп әзірленген Алматының АТ-архитектурасын қалыптастырудың мақсатты жоспарына қол қойды.

Мақсатты жоспарға сәйкес білім беру саласы үшін 25 отандық IT-компания, 17 білім беру платформасы мен жабдықтар мен бағдарламалық жасақтаманың 8 жеткізушісі анықталды. Спорт саласында – спорт міндеттеріне бейімдеуге болатын 9 отандық IT-компания мен 6 білім беру платформасы. ТКШ саласында коммуналдық қызметтердің барлық жеткізушілері бойынша электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесін енгізу және басқа ведомстволардың тиісті дерекқорларымен интеграциялау арқылы тұрғын үй иелері бойынша деректерді өзектендіру қажеттілігі анықталды.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру бойынша оффлайн режимде көрсетілетін қызметтерді, атап айтқанда мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін цифрландыру жоспарлануда. 2021-2023 жылдары «барлық сауалдар бәріне көрінеді» қағидаты бойынша тұрғындардан ашық сұрауларды жинау және өңдеу бойынша жобаны жаңғырту көзделген, оның ішінде сұраудың тарихы мен статусы, жауап және жауапты қызметкердің ЭЦҚ-сы да бар.

«Ақылды қаланың» орташа мерзімді бастамалары «ақылды» есептеуіштермен қамтуды ұлғайту, коммуналдық желілердің энергия тиімділігін басқару жөніндегі интеллектуалдық жүйені енгізу, Алматы қаласының «цифрлық нұсқасын» құруды көздейді.

Сондай-ақ цифрлық трансформация процесіне халық пен бизнесті тарту деңгейін арттыру, мемлекеттік органдармен өзара әрекеттестігі, Алматының IT-секторына тікелей инвестициялар тарту, бизнес-періштелер клубтарын және халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша шаралар қабылданып жатыр.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі