Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысындағы жолайрық бойымен көлік қозғалысын бастап берді.
Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысындағы көлік жолайрығының құрылысы аяқталды. Рысқұлов даңғылы арқылы өтетін эстакаданың ұзындығы 186 метрді құрайды. Оның құрылысы осы аймақта орналасқан құрылыс иелерімен болған сот процестеріне байланысты кешіктірілді.
Бұрындары жекелеген бүйірлік съездері бойынша қозғалыс ашылған болатын. Жолайрығы Рысқұлов даңғылы бойымен жүретін көліктерді өткізу қабілетін тәулігіне 80 мың автомобильге дейін, Емцов көшесі бойымен – 40 мыңға дейін арттырады.
Хабарланғандай, ағымдағы жылы 415 көшедегі жаңа жолдардың ұзындығы 108 км құрайды. Жалпы ұзындығы 80 шақырымға жеткен 7 шақырым веложол салу жұмыстары аяқталды.
Бұған дейін Құлжа трактісі мен Бұқтырма көшесінің қиылысында салынып жатқан жолайрықта Құлжа трактісі бойынша екі бағытта көлік қозғалысы ұйымдастырылған болатын. Бұдан басқа, съездер бойынша Бұқтырма көшесінен Құлжа трактісіне шығысқа қарай, сондай-ақ Құлжа трактісі бойымен Бұқтырма көшесіне съезд арқылы, бұрылу алаңына өтпестен қозғалыс ашылды.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі