Алматыда Тәуелсіздік күні қарсаңында Абай даңғылын ұзарту учаскесінде қозғалыс ашылды

14.12.2021

Тәуелсіздік күні қарсаңында мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары кезінде Абай даңғылының өтпелі қозғалыс ашылған учаскесін аралап көрді.

Абай даңғылында Наурызбай ауданының әкімшілік орталығында Момышұлы көшесінен Алатау көшесіне дейін ұзындығы 3,5 км учаскенің құрылысы аяқталуда. Екі бағыт бойынша көлік қозғалысы үшін үш жолақ қарастырылған.

Әшімов көшесінің үстінен 400 метрлік эстакада салынды, оның қозғалысын айдың соңына дейін ашу жоспарлануда. Бұл телімде бағдаршаммен реттелетін уақытша қозғалысының сызбасы ұйымдастырылған.

Абай даңғылын ұзарту жобасын іске асыру барысында Қарғалы өзені арқылы да көпір салынды. Абай даңғылын қаланың батыс шекарасына дейін ұзарту көліктің кедергісіз өтуіне мүмкіндік берді.

Бұған дейін Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысындағы жолайрығы ашылған болатын.

Мегаполис әкімі Б. Сағынтаев құрылысшыларға алғыс айтып, оларды алдағы Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Жұмысшылар қысқа мерзімде күрделі жобаларды аяқтады, соның арқасында көлік инфрақұрылымы жақсарып, қала тұрғындарының мобильділігі артады.

Б. Сағынтаев салынып жатқан Б. Момышұлы метро станциясын аралап көрді, онда әрлеу жұмыстары аяқталып, жабдықтарды іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың соңына дейін Б. Момышұлы және Сарыарқа станцияларын техникалық іске қосу жоспарлануда.

 

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі