06.08.2020
Алматыда тағы 5 жол учаскесінде автобус жолағы пайда болады. Бұл туралы Қалалық мобилділік басқармасы мәлімдеді.
Қоғамдық көлік жолақтары
- Құлжа тас жолының Рысқұлов даңғылынан Халиуллин көшесіне дейінгі аралығында;
- Халиуллин көшесі мен Тәтібеков көшесінен бастап Райымбек даңғылының Жангелдин көшесіне дейінгі аралығында;
- Момышұлы көшесінің Төле биден Мөңке би көшесіне дейінгі аралығында;
- Сүйінбай көшесінің Хмельницкий мен Райымбек батыр көшесі аралығында;
- Солтүстік айналма жолының Рысқұлов пен Москвин көшелерінің аралығында пайда болады.
«Биыл ұзындығы 200 шақырым 283 көшеде жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Оның ішінде 60 шақырымдық 91 көшеде жөндеу жұмыстары аяқталды», - деді Қалалық мобилділік басқармасы.
Ақпарат көзі: inform.kz