Алматыда су басып қалу жағдайы қалалық қызметтердің бақылауында

16.08.2021

Қаланың коммуналдық қызметттерінің және аудандық ТЖ басқармаларының күштері мен құралдары қауіпті аймақтарға алдын ала жіберілді. Жауын-шашынға дейін инертті материалдар дайын болды.

Сағат 15.00-де жаңбыр суларының көтерілуінің 10 жағдайы тіркелді. 5 мекенжайда суды сору және арықтарды тазарту жұмыстары жалғасуда.

Медеу ауданының Есенберлин көшесінің бойында, 221 үйдің жанында су жиналып қалған. Мұнда коммуналдық ұйымдардың қызметкерлері жерде жұмыс жасауда, арық желісі тазартылуда.

Медеу ауданының Жәнібеков көшесі, 76 мекенжайы ауласына да су жиналып қалған. Бұл жерде коммуналдық ұйымдардың қызметкерлері жұмыс істеуде, арық желісі тазартылуда.

Алмалы ауданының Абай даңғылы бойындағы Наурызбай батыр көшесінің қиылысында, Мұқанов көшесінің бойындағы 172 үйдің жанында; Бруно көшесі, 1 үйдің жанында жиналған сулар сорылып, арық желісі тазартылуда.

Розыбакиев көшесі 5 «а», Қарасай батыр көшесі, 315; Брусиловский көшесі, 100 «а» мекенжайдағы аулаларында су жиналған. Бұл жерлерде коммуналдық ұйымдардың күштері мен құралдары жұмыс жасауда.

Алатау ауданында коммуналдық қызметтер Қарасу шағын ауданындағы Аралқұм көшесі, 22 мекенжайға барды.

Жетісу ауданында Райымбек даңғылы, 265/1 бойында «Нұрым» мейрамханасының аумағында инженерлік коммуникациялар жұмыс істеп жатыр.

Су басып қалу себебі – арық желілері қатқыл тұрмыстық қалдықтармен бітеліп қалған.

Еске салсақ, бұған дейін ТЖД 2021 жылғы 14 тамыздағы №28 ескертуі бойынша кей жерлерде жауын-шашынның, беткейлерде көшкіннің болуы мүмкін екенін, өзендерде су деңгейінің көтерілгенін алдын ала хабарлаған болатын.

74 арнайы техника, 29 мотопомпа, 167 жұмысшы жұмылдырылды. 2 мыңға жуық қап инертті материалдар дайындалды.

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі