Қазақстанда 2018 жылдан бастап 39 елді мекенге, оның ішінде Алматы қаласына ғарыш мониторингі жүргізіледі. Ғарыштық мониторинг нәтижелері геосервис арқылы қоқыс қалдықтары жиналатын орындарды көрсетеді әрі оларды тиісті қызметтер бақылайды. Сервис қоқыстың орнын, түрін, уақытын анықтап, мамандар түсініктеме енгізе алады. Геопорталдың көмегімен 2021 жылы 17 қоқыс үйіндісі тіркелген, ал осы жылдың басынан бері Түрксіб және Медеу аудандарында 10 стихиялы қоқыс орны анықталған. Жергілікті әкімдіктер анықталған аумақтарда тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Стихиялы қоқыс орындарын анықтау үшін қала әкімдігі экология департаменті, мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы, аудан әкімдіктері мен «Медеу» мемлекетттік өңірлік табиғи саябағы» ММ мамандарынан тұратын арнайы жұмыс тобын құрды.
Жыл басынан бері жұмыс тобы 37 стихиялы қоқыс орнын анықтап, оның 32 жойылды, қалған 5 тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2021 жылы жалпы құны 109 млн болатын 2,5-ға жуық әкімшілік хаттама толтырылды (ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы» Кодексінің 505-бабы абаттандыру ережелерін бұзу бойынша). Осы жылдың басынан бері құны 43,2 млн теңге болатын 1255 хаттама толтырылды.
Алынған мәліметтер стихиялы қоқыстардың ашық алаңдарда, жыра-сайларда, қоршалмаған жеке құрылыс аумақтарында, Алматы облысымен шекаралас қала аумағына қосылған ауылдарда жинақталып қалатынын көрсетті.
Алматы қаласының аумағында тұрмыстық қатқыл қоқыстарды тастауға арналған 8000 контейнер, 1500 контейнер алаңдары бар. Қоқыстар Наурызбай ауданы мен Алматы облысы Қарасай ауданының шекарасында орналасқан Ақсай карьеріне жеткізіледі. Биоыдырайтын және ірі сұрыпталмайтын қоқыстар Алматы облысындағы полигонға жеткізіледі.
Қайталама шикізатты бөліп жинау мақсатында контейнер алаңдарында тордан жасалған 1000 аса контейнер мен 300-ге жуық нан қалдықтары салынатын контейнер орнатылған. Оларды қайта өңдеуді ШОБ жүзеге асырады. Сонымен қатар қала аумағында 37 қайталама шикізат қабылдау орталықтары жұмыс жасайды, ал ұйымдарда қағаз, пластик және әйнек қоқыстарды бөліп салуға арналған мыңнан аса экобокс қойылған.
Стихиялы қоқыс үйінділерінің жаңадан пайда болуының алдын алу үшін қала тұрғындары мен қонақтарын қаланы абаттандыру ережелерін сақтаулары, қоқыс тастауға арналған арнайы контейнерлерді пайдалануға және арнайы қоқыс полигонына жеткізуге келісімшарты бар ұйымдармен жұмыс жасаулары тиіс.
Сондай-ақ бақылау және шұғыл шара қолдану мақсатында WhatsApp месенджерінде табиғатты қорғау прокуратурасы, экология департамент мен аудан әкімдерінің орынбасарларының қатысуымен арнайы чат құрылды.
Тазалықты сақтау, жиналған қоқыстарды дер кезінде тасымалдау, стихиялы қоқыс орындарының пайда болуының алдын алу үшін қала тұрғындары мен қонақтарын Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасына хабарласуларын сұраймыз (Whatsapp +7 707 912 16 26).