Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов отандық кәсіпкерлерді қолдау бойынша қандай шаралар жүзеге асырылып жатқанын айтты.
Қала әкімшілігі жаңа жағдайда отандық өндірушілерді қолдауға ерекше көңіл бөледі. Осы мақсатта әртүрлі механизмдер ұсынылуда. Мысалы, қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасымен бірге otp.kz порталы іске қосылды.
«Бұл сайт infokazakhstan.kz порталында қолжетімді. Ол жерде «Отандық өндірушілердің тізілімі» бар. Бүгінгі таңда тізілім 12 мың тауар атауын қамтиды. Алматы қаласының 512 кәсіпорнында СТ-KZ сертификаттары және өндірістік сертификаттар бар. Оңтүстік астанадағы әрбір отандық өндірушінің өз деректерін тізімге қосу мүмкіндігі бар», — деді Нариман Әбілшайықов.
Аталған сертификаттар межелі елде тарифтік преференцияларды (кедендік баждарды төмендету немесе одан босату), тарифтік емес реттеуді (тауарды әкелуге/әкетуге тыйым салу, шектеулер) алу үшін ресімделетінін атап өткен жөн.
Бүгінгі таңда ҰКП 287 тауардың шығу тегі — «СТ-KZ», экспортқа — 3962 сертификат берді. Жыл басынан бері кәсіпкерлерге 4249 сертификат берілді.
Бұдан басқа, барлық қызықтыратын мәселелер бойынша кәсіпкерлерге кеңес беру мәселесіне көп көңіл бөлінеді. Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы жанында қаланың сегіз ауданында «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» жұмыс істейді.
«Оңтүстік астананың кәсіпкерлері сервистік орталықтарға барып, тұрғылықты жері бойынша тегін кеңес ала алады», — деп атап өтті Н. Әбілшайықов.
Кәсіпкерлерге тегін келесі қызмет түрлері ұсынылады:
- бухгалтерлік есеп пен статистикалық есептілікті жүргізуге көмек;
- құқық саласындағы қызметтер;
- маркетингтік қызметтер;
- мемлекеттік сатып алуға жәрдемдесу;
- өндірілетін өнімді сату бойынша және электрондық-цифрлық қызметтер бойынша кеңес беру.
Сонымен қатар Н. Әбілшайықов кәсіпкерлер арасында бизнес жоспарды әзірлеу қызметі үлкен сұранысқа ие екенін айтты. Осы жылдың өзінде консультанттар 4153 000 000 тг сомасына 207 бизнес жоспар құруға көмек көрсетті. Оның ішінде 64 жобаны екінші деңгейлі банктер 801 500 000 тг сомаға мақұлдады.
Ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге көмек көрсету үшін «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында Алматыда «Бастау бизнес» жобасы іске асырылуда.
«Бұл жобаның мақсаты – кәсіпкерлік негіздерін оқыту. Жоба аяқталғаннан кейін студенттер 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бизнесті дамытуға грант алады. Үстіміздегі жылдың маусым айынан бастап 2287 студент «Бастау бизнес» жобасын аяқтады. 2020 жылы Алматыда 1705 грант бөлінді. Сонымен қатар биыл «Бастау бизнес» жобасының 320 тыңдаушысы өз мансабын бастады», — деп толықтырды Н. Әбілшайықов.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі