29.11.2022

Алматыда 29 қараша мен 1 желтоқсан аралығында құсбегілердің «Қыран» республикалық турнирі өтеді. 

1 желтоқсан күні сағат 10:00-де ақтық сайыс өтіп, қатысушылар мен жеңімпаздар салтанатты түрде марапатталады. 

Турнир күнде Алматы ипподромы – Ж.Омаров көшесі, 10 мекенжайында сағат 10:00-нан 18:00-ге дейін болады. 

Іс-шараға тіркелу және ақпарат алу үшін ұйымдастырушыларға хабарласу керек: Азамат Иманқұлов +7 747 857 34 73.