Қазақстанда 2021 жылғы 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында кезекті ұлттық халық санағы өтеді. Соған байланысты Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті өтеулі қызмет көрсету шарты бойынша санақ персоналын іріктеу конкурсын жариялады.
Өтеулі қызмет көрсету шарты бойынша 1 кезеңнің санақ персоналын іріктеу конкурсы жарияланады.
Кезекті халық санағын жүргізуге 48 нұсқаушы-бақылаушы мен 618 тіркеуші қажет. Нұсқаушылар 2021 жылғы мамыр-шілде аралығында, тіркеушілер 2021 жылғы 01 маусымнан бастап 30 маусымға дейін жұмыс істейді. Олардың лауазымдық жалақысы сәйкесінше 125 000 теңге мен 83 000 мың теңгені құрайды.
Қызметке үміткердің кәсіптік білім деңгейіне қойылатын талаптар: жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жалпы орта білім. Жұмыс өтілі бойынша талаптар қойылмайды.
Жеке құзыреттеріне қойылатын талаптар: талдамалық пайымдау, ықпал ету, командада жұмыс істеу, қарым-қатынас құру, ауызша және жазбаша коммуникация, жауапкершілік, әдептілік нормаларын ұстану, әдістемені игеру, нормативтілік, нәтижеге бағдарлану кіреді.
Қажетті ақпарат алу үшін Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаментіне хабарласу керек, мекенжайы – Абай даңғылы, 125, 050008, телефон – 8 (727) 330-89-16, 8 (727) 375-21-88, электронды пошта – almastat@statdata.kz .
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі