14.04.2023

Әуезов ауданындағы Сайран көлінің айналасы су айдынының түбін тазалаудан кейін қайта жаңартылып, абаттандырылатын болады.

Құрылыс жұмыстары 2023 жылдың тамызында басталып, 2024 жылдың III тоқсанына дейін жалғасады.  

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев қала тұрғындарымен кездесуде айтты.

Еске салсақ, қала әкімінің  тапсырмасы бойынша 2023 жылдың ақпан айынан бастап Сайран көлінің түбін тұнба шөгінділерінен механикалық тазарту жұмыстары жүргізілуде. Олар мамыр айының соңына дейін аяқталады.

 

 

 

 

Дереккөз: Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі