11.08.2021

COVID-19-дан сауыққан 400-ге жуық алматылық медициналық сақтандыру есебінен постковидтік оңалтудан өтті. Бұл туралы Алматы қаласының Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының директоры Тілеухан Әбілдаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, Қор үшін басым міндеттердің бірі — «Каменское плато» фтизиопульмонология оңалту орталығында жүргізілетін постковидтік оңалту бойынша жеткізушілер тізімін ұлғайту. Алматыда 400-ге жуық пациент жалпы 285,4 млн тг коронавирустан кейін емделді.

«Бүгін біз постковидтік оңалту бойынша жеткізушілерді, соның ішінде жеке жеткізушілерді тарту бойынша жұмыс жасаймыз. Атап айтқанда, аймақтық комиссия оңалтудың осы түріне қатысу үшін кезекті конкурс жариялады. Алдын ала мәліметтер бойынша, Алматы қаласында постковидтік оңалту бойынша жеткізушілер тізімі екі субьектіге дейін өсті», — деді Т. Әбілдаев.

Сонымен қатар консультациялық-диагностикалық көмек көрсету үшін медициналық ұйымдарға шамамен 8,9 млрд тг төленді. Олардың ішінде КТ мен МРТ барынша сұранысқа ие.

Бірінші жартыжылдықта Алматыда 386,6 млн тг 30 468 КТ қызметі, шамамен 400 млн тг 29 789 МРТ қызметі көрсетілді. 767,7 млн тг сомасында онкологиялық ісіктерді анықтау бойынша 3040 ПЭТ-диагностикасы жүргізілді.

МӘМС жүйесі аясында жоспарлы скринингтік тексерулерден өтуге 508,3 млн бөлінді.

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі