19.10.2022

Көмек тегін көрсетіледі.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қала тұрғындарына паллиативтік көмекті қайдан алуға болатынын айтты.

Паллиативтік көмек – мамандандырылған емдеу мүмкіндігі шектеулі немесе таусылған жағдайда созылмалы аурулардың түрлі нозологиялық түрлерімен ауыратын науқастардың өмір сүру сапасын жақсартуға арналған денсаулық сақтау саласының бірі.

 

Бұған қатерлі ісік аурулары, бауыр ауруы, тыныс алу және жүрек жеткіліксіздігі, инсульттан кейінгі зардаптар, ауыр жарақаттар және т.б.  пациенттер жатады.

Көбінесе сағат сайынғы күтімді қажет ететін аурулармен ауыратын пациенттердің жақындарының олара күтім жасауға физикалық түрде уақыты бола бермейді. Оның үстіне мұндай көмек жақын адамдардың моральдық дайын болуын талап етеді.

Егер адамды емдеу мүмкін болмаса, бұл оған көмектесуге болмайды дегенді білдірмейді.

Паллиативтік көмектің негізгі міндеті – ауруды жеңілдету және аурудың басқа да ауыр белгілерін азайту, медбикелік күтім, пациенттерге және оларға күтім жасайтын жақындарына қолдау көрсету.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қала тұрғындарына паллиативтік көмекті қайдан алуға болатынын айтты.

«Паллиативтік медициналық көмек қала тұрғындарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қалалық паллиативтік көмек орталығында тегін көрсетіледі. Емдеуге жатқызу тіркелген емхананың жолдамасы бойынша жоспарлы тәртіппен Емдеуге жатқызу бюросының порталы арқылы жүзеге асырылады» – деп атап өтті Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының емдеу-профилактикалық қызметі бөлімінің басшысы Лайла Иманғалиева.

Қалалық паллиативтік көмек орталығы 170 төсек-орынға арналған. Орталықта 5 бөлімше қызметі көрсетеді.

Қалада 2025 жылға қарай ауыр санаттағы пациенттердің тұруына барлық жағдай жасалған заманауи паллиативтік көмек орталығын салу жоспарланған.

Паллиативтік көмекті Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасынан ақылы негізде алуға болады, онда қазан айынан бастап пациенттерді ұзақ уақыт емдеу бөлімшесі ашылған.

Пациент және оның жақындары үшін медициналық көмек немесе әлеуметтік демалыс қажет болғанда ОҚКА ақылы ұзақ мерзімді бөлімшесінде қалуға мүмкіндігі бар.

Сонымен қатар, паллиативтік көмек шеңберінде Қалалық онкологиялық орталықта емделмейтін қатерлі ісік диагнозы бар адамдарға медициналық-психологиялық көмек көрсету бойынша көшпелі мобильді бригада жұмыс істейді.

Онкологиялық бригада 4 клиникалық топтағы пациенттерді жазылмайтын дерттің терминальді сатысына ауыстыратын қалалық емханаларда аудандық онкологтармен тікелей жұмыс істеп, тегін көмек көрсетеді.

Пациенттердің туыстары мен пациенттердің өздері: 8 708 973 03 03 жедел желі нөміріне хабарласа алады.

Мобильді онкологиялық бригада пациенттерді патронажға қабылдайды, үй жағдайында ауырсынуды және басқа да ауыр белгілерді жеңілдетуді қамтамасыз етеді, препараттардың жанама әсерлерін және ісікке қарсы емдеуді бақылайды.

Әрбір пациентке жеке жағдайда қарап, емдейді.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.