19.11.2020
Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы отырғызылған ағаштар саны туралы бейнероликтерді LED-экранда көрсете бастады. Бейнероликте әр аудан бойынша және жалпы қала бойынша отырғызылған көшеттер саны көрсетілген.
Бейнероликтер әр 25 минут сайын көрсетіліп, ондағы ақпарат күн сайын жаңартылып отырады. Бейнероликтер қаланың басты көшелерінде орналасқан 52 медиабордта қараша айының соңына дейін көрсетіледі.
Бұл жай ғана көрсеткіштер жазылған ролик емес екенін айтып өту керек. Егер мұқият қарасаңыз, онда ағаштар санымен қоса, ағаштар да өседі.
Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы жыл соңына дейін 250 000 ағаш отырғызуды жоспарлап отыр. Бүгінгі күні 164 500 ағаш отырғызылған.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі