14.09.2022

Шаляпин мен Саин көшелерінің қиылысында орналасқан бес қабатты үйдің қабырғасында өрт сөндіруші-құтқарушы бейнеленген мурал пайда болды.

«Композицияда ерлік пен батылдықтың символы ретінде, өрт апатымен күресетін батыр бейнеленген. Мурал-күн сайын өз өмірін қатерге тігіп, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өрт сөндіруші - құтқарушылардың ерен еңбегінің айқын нышанына айналады»,- деді қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінші, жыл басынан бері алматылық құтқарушылар 1,8 мың өртті жою жұмыстарын жүзеге асырды, төтенше жағдай орындарынан 327 адам эвакуацияланды, өрт кезінде және қаланың су айдындарында 144 адам өмірін сақтап қалды, оның ішінде 17 бала бар.

 

 

 

Дереккөз: inform.kz