Алматыда онкологиялық қауіпсіздік және скринингтік бағдарлама мәселесіне арналған шеберлік сабағы өтіп жатыр

12.10.2022

Оған жалпы практика дәрігерлері, дәрігер-терапевттері қатысады.

10-14 қазан күндері 2022 жылғы №16 қалалық емхананың базасында «Алғашқы медициналық-санитариялық көмек деңгейінде онкологиялық сақтық және скринингтік бағдарламаларды жүргізу мәселелері» тақырыбында отандық шеберліәк сабағы өтіп жатыр.

Оған жалпы практика дәрігерлері, амбулаториялық жағдайда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау басқармасының медициналық ұйымдарының дәрігер-терапевттері қатысады.

С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің онкология кафедрасының доценты және профессоры Арман Хожаев пен Айжан Джақыпбаева оқытуды жүргізеді.

Қазіргі уақытта қатерлі ісіктерді ерте диагностикалау мәселелері және онкологиялық пациенттерды диспансерлеу аспектілері онкологиялық тәжірибеде басымдықтардың бірі болып табылады.

Біздің елімізде де, шетелде де қатерлі ісіктерді ерте диагностикалау әдістерінің жетілдірілуіне қарамастан, диагностика кезінде пациенттердің шамамен 30-40% аурудың III және IV сатысы бар.

Осыған байланысты қатерлі ісікті ерте сатысында анықтаудың негізгі үміті халықтың ең көп санын қамтуға және популяция деңгейінде жаппай тексеруді орындауға мүмкіндік беретін скринингтік тексеру әдістеріне жүктеледі.

Онкологиядағы Ұлттық скринингтік бағдарламалары мұны толық жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

«Шетелдік зерттеулердің деректеріне сәйкес, онкологиялық скрининг жүргізу қатерлі ісіктерді ерте кезеңде диагностикалау жиілігін 10-15%-ға арттыруға және осы патологиядан болатын өлім-жітімді 5-7%-ға төмендетуге мүмкіндік береді. Онкологиялық пациенттерды диспансерлеу мәселелерін білу бүгінгі таңда кез келген мамандық бойынша білікті дәрігерлер үшін қажет», - деді Оқу-әдістемелік орталықтың басшысы Гүлнара Ердесова.

Шеберлік сабағын ұйымдастырушылар Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы және Жоғары медициналық колледжінің оқу-әдістемелік орталығы. Жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.