Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес Геопортал базасында интернет-ресурс әзірленеді.
Қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасының мәліметі бойынша, интернет-ресурста іске асыру мәлімделген және іске асырылып жатқан құрылыстардың жобалары туралы барлық қажетті ақпарат жарияланады.
Интерактивті режимде көп пәтерлі тұрғын үй кешендері (КТК) және жеке тұрғын үй құрылысы (ЖТК) туралы ақпарат алуға болады.
Қазіргі кезде интерактивті картаны әзірлеу барысында 94 көп пәтрелі тұрғын үй кешені бойынша ақпарат жинақталды.
Дерекқорда мына мәліметтер болады:
- жобаның атауы;
- құрылыс нысанының түрі (КТК/ЖТК);
- кадастр нөмірі;
- келісілген эскиздік жобалар туралы мәлімет;
- СЖТ берілгені туралы мәлімет;
- құрылыс салушының атауы;
- құрылысты бастау және пайдалануға беру мерзімі туралы мәлімет;
- автолық/техникалық қадағалау;
- нысандар орналасқан жердің функционалдық аймағы;
- қаржыландыру көзі;
- қабат саны;
- құрылыс ауданы м2;
- ғимарат саны;
- пәтер саны;
- құрылыс барысының фотосуреттері.
Бүгінде интерактивті картаны толықтыру үшін жеке тұрғын үй құрылысы туралы ақпарат жинақталып жатыр. Кейін дерекқор ай сайын онлайн режимде жаңарып отырады.
Басқарма интерактивті картаның интерфейсін баптап, тақырыптар бойынша қажетті мәліметтермен толтырды. Ақпаратты жеңіл қабылдау үшін дизайны пысықталып жатыр. Сондай-ақ барлық нысандардың құрылыс паспорты жасалып, оларды Геопорталдан жүктеу мүмкіндігі қамтамасыз етілген.
Бұдан өзге, интерактивті карта азаматтар мен девелоперлердің ақпараттық қажеттілігін қамтамасыз етуге және құрылыс қарқынын мобильді құрылғы мен компьютер арқылы бақылауға мүмкіндік береді.
Қабылданатын шешімдердің тиімділігін арттыру үшін жобаларды басқару тетіктері енгізіліп жатыр. Файлдар мен жобалық құжаттамаларды бір жерде сақтау үшін GantPro online платформасы тестілік режимде іске қосылды. Жобалық тәсілді қолдану «проблемалық» нысандарды жедел анықтау мен шұғыл шаралар қабылдауға септігін тигізеді.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі