Алматыда мониторингтік топтар демалыс күндері карантиндік режимнің 60 бұзушылықтарын анықтады

16.08.2021

Коронавирус өршіп тұрған кезде алматылықтар жүздеген қонақтармен үйлену тойларын өткізуді, мерекелерді тойлауды және жасырын жұмыс істеп тұрған барларға жиналуды жалғастыруда. Құқық бұзушылардың арасында Gastreat бары, «Ариал» гольф клубы, «Чечил паб», «Айва» мейрамханасы бар.

Өткен аптада Алматыдағы мониторингтік топтар 1000-ға жуық мекемені тексерді, 124 нысанда бұзушылықтар анықталды, олардың жартысына жуығы демалыс күндері тіркелді.

Тексеру кезінде 167 хаттама жасалды. Заңды тұлғалар үшін жалпы сомасы 10,7 млн теңгеге 26 хаттама жасалды. Жеке тұлғаларға қатысты маска режимін бұзғаны үшін 6,2 млн теңге көлемінде айыппұл салынып, 141 хаттама толтырылды.

Мәселен, 11 тамызда кешкі сағат 17.00 шамасында Бостандық ауданы, әл-Фараби даңғылындағы «Ариал» гольф клубының аумағында 60 адамға арналған той өтті, оны тексерушілер тоқтатты. Жиналғандарға мұндай шаралар коронавирустың таралу ошағына айналатынын еске салды, себебі шақырылғандар арасында симптомсыз келушілер болуы мүмкін. Сол күні, шамамен сағат 22.40-та, Бостандық ауданының мониторингтік тобы Гагарин көшесіндегі Gastreat лаундж-барында заң бұзушылықтарды анықтады. Тексеру кезінде 30 адам болған.

12 тамызда, сағат 21.47 шамасында, Әуезов ауданының Жетісу-3 шағын ауданында «Фортуна» банкет залы жұмыс істеп тұрған, бұл жерде 100 адамға үйлену тойы өтті.

Медеу ауданында 12 тамызда, сағат 23.22 шамасында Төлебаев көшесіндегі «Чечил пабында» 50 адам болған тәртіп бұзушылық тіркелді. 14 тамызда, сағат 20.30 шамасында Медеу ауданында Гоголь көшесіндегі «Айва» мейрамханасында заң бұзушылық тіркелді, онда 60 қонақпен үйлену тойы өтті.

Жиі тәртіп бұзатындар бойынша 75 материал сотқа берілді (462-баптың 3-бөлігі және 425-баптың 1-бөлігі бойынша), оның ішінде 65 материал мекемелердің қызметін тоқтату туралы шешім қабылдау үшін пайдаланылды.

Сонымен қатар Алматыда қоғамдық көліктерде үшінші апта маска режимінің сақталуына бақылау күшейтілді. Ықтимал жұқтыру орындарының арасында СОСО мен базарлармен қатар қоғамдық көліктер көрсетілгенін ескере отырып, бұл сегментте арнайы мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілді.

Мысалы, 12 және 13 тамызда мониторингтік топтар 163 автобусты тексерді. Қаланың қоғамдық көліктерінде маска режимін сақтамағаны үшін 41 жолаушыға ҚР Әкімшілік кодексінің 425-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды.

Алматы тұрғындарын карантиндік шектеулерді сақтауды жалғастыруға шақырады. Жаңа коронавирус инфекциясының вирусы одан әрі мутацияланатын болса, онда ол қайғылы жағдайға әкелетінін естен шығармаған жөн. Одан қорғанудың жалғыз жолы – көпшіліктің вакциналануы.

15 тамызда Алматыда коронавирус инфекциясының 1 503 жағдайы тіркелді, оның ішінде 1 419 – симптомды. Төсек-орын қуаттылығы 8 910 инфекциялық ауруханаларда 6 294 адам, оның ішінде 246 бала бар. Реанимация және интенсивті терапия бөлімінде 434 науқас емделуде. ӨЖЖ аппаратында - 67, инвазивті емес ӨЖЖ аппаратында - 178, High flow - 176 аппараты.

Бүгіде АМСК мен Телемедицина орталығының мобильді топтары үйде 13 127 науқасты бақылауда, жеңіл және орташа ауыр симптомды науқас - 12 564, симптомсыз - 563.

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі