14.12.2021

Жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Әуезов ауданындағы сейсмикалық күшейту және күрделі жөндеу жүргізілген балабақша ғимаратын аралап көрді.

№186 бөбекжай-балабақша Әуезов ауданының Ақсай-4 шағын ауданында орналасқан. Ғимараттың жалпы алаңы – 4343 ш.м.. 315 орынды балабақшада сейсмикалық күшейту, қалпына келтіру жұмыстары және ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Б. Сағынтаев аталған балабақшаның ашылуы бұрын жалға берілген мемлекеттік балабақшалардың ғимараттарын қайтару жөніндегі қалалық бағдарламаның нәтижесінде мүмкін болғанын атап өтті.

Еске салсақ, ағымдағы жылы 360 орынды үш мемлекеттік балабақшаның құрылысы аяқталды. 280 орынды тағы бір балабақшаның құрылысы жалғасуда, пайдалануға беру 2022 жылға жоспарланған.

Сонымен қатар, 4658 орынды 72 жекеменшік балабақша ашылды. Мемлекеттік білім беру тапсырысы 30 460 орынды 519 жекеменшік балабақшада орналасқан. Ағымдағы жылдың соңына дейін 250 орынды тағы бес жекеменшік мектепке дейінгі ұйым ашу жоспарланған.

Қазіргі кезде қалада 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 64,2%-ы, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 90,6%-ы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған.

 

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі