28.04.2021

Қалалық мобилділік басқармасы «ҚазжолҒЗИ» АҚ-мен бірлесіп Алматы қаласының көше-жол желісіне зерттеу жүргізіп жатыр.  

Мұндай зерттеу жолдың қозғалыс бөлігінің пайдалану көрсеткіштерін (тегіс, ойық, ақау, кедір-бұдыр және т.б.), бейне материалдарды, сондай-ақ көлік жолдарының геометриялық параметрлерін жинауға мүмкіндік береді.

Жылжымалы жол зертханасы деректерді синхрондау, проблемалы учаскелерді анықтау және талдау, сызатты автоматты түрде жіктеу, жол құрылымы қабаттарының серпімді модулін анықтау жүйелерімен жабдықталған. Лазерлік сканерлер жолдағы ақауды дәл анықтап, жұмыс уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Диагностика жоғары сапалы үш өлшемді кескіндер шығаруға, сондай-ақ жабын профилін құруға, басқа талдау жүйелерімен интеграциялау мүмкіндігі бар нәтижелерді цифрлық форматта алуға мүмкіндік береді.

Көпфункционалды диагностикалық жүйе көлік жолдары қозғалыс бөлігінің жай-күйін кешенді инструменталды бағалау және тиімді жөндеу іс-шараларын анықтау мақсатында алынған деректерді талдау үшін қолданылады. Сондай-ақ қозғалыс бөлігінің жай-күйіне мониторинг пен болжам жасауға болады.

Нәтижесінде мамандар көлік жолдары мен көшелерді инструменталды зерттеудің қорытындысын алады, соның негізінде жөндеу жұмыстарының тиімді түрлері анықталады. Бұдан өзге, зерттеу жұмыстары қаланың көше-жол желісін басқарудың цифрлық жүйесін құруға (дерекқор) әрі сол арқылы қозғалыс бөлігінің жай-күйін және қаржылық шығындарды болжауға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі