Алматыда коронавирус дерті 2 еседен көп өсті: эпидемиологтар вакцина салдыруды ұсынады

03.07.2021

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында сөйлеген сөзінде соңғы екі аптада мегаполисте КВИ дерті 1143-тен 2377 жағдайға дейін өскенін айтты. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы қала тұрғындарынан жағдайдың ушығуын болдырмау үшін белгіленген шектеулерді сақтауды сұрады.

 Ж. Бекшиннің айтуынша, соңғы тәулікте Алматыда КВИ-дің 305 жағдайы тіркелген.

 «Алматыда 17 маусымнан бастап эпидемиологиялық жағдай барынша контагиозды мутацияланған жаңа «дельта» штаммының таралуына байланысты күрделене түсті. Өткен аптада ПТР нәтижелері алдыңғы 7 күндегі 130-ға қарағанда тәулігіне 215-ке дейін өсті», – деді қаланың бас санитарлық дәрігері.

 Ол биылғы жылы мегаполисте қазірдің өзінде 56 мыңнан астам вирус жұқтырғандардың, оның ішінде маусым айында 4 573 жағдайдың тіркелгеін айтты. 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында дерт өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10 есеге артқан.

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі