Алматы әкімдігі биыл көпдеңгейлі автотұрақтар салу бағдарламасын қолға алмақ. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен кездесуде айтты.
Кездесу барысынды бұл сұрақты аудан тұрғындарының бірі көтерді. Ол базар маңындағы көлік тұрағы қиын екенін айтып, көпдеңгейлі автотұрақ салуды ұсынды.
«Сіз мәселені дұрыс көтердіңіз. Қаланың айналасына көпдеңгейлі автотұрақтарды енгіземіз. Автотұрақтан түскен қаржы жергілікті бюджетке түседі. Биыл бағдарламаны қолға алып жатырмыз, орындар іздеу жұмыстары басталды. Ал базарларға келсек, «Алматы автотұрағы» орындарды берді. Жобаны жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастырамыз», - деп жауап берді Ерболат Досаев.
Бұған дейін қала әкімі мұндай автотұрақтар аулаларды көліктерден жартылай босататынын айтқан еді.
Дереккөз: inform.kz