Таулы және тау бөктеріндегі жерлерде көктайғақ құбылыстарының алдын алу мақсатында жолдарды көктайғаққа қарсы материалдар себілді және тазалау жүзеге асырылды/
Алматы қаласында жаңбырдың, оның арты қар аралас жауынға ұласуына байланысты қалалық көріктендіру қызметтері су тасқыны мен көктайғақтың алдын алу бойынша тәулік бойы жұмыс жүргізуде.
8-9 қараша аралығында жауын-шашынның болуына байланысты, Алматы қаласында әл-Фараби даңғылының жоғары жағына 8-10 см қар түсті. 9 қараша күні таңғы сағат 7:00-де таулы аймақтағы түскен қардың деңгейі 15-20 см-ге жетті. Айдың басынан бері қалада 36,6 мм жаңбыр жауды, нормасы 50 мм.
Түнгі кезеңде 8-9 қараша аралығында 285 арнайы техника бірлігі, оның ішінде 68 құм сепкіш және 357 жол жұмысшысы жұмылдырылды.
Таулы және тау бөктеріндегі жерлерде көктайғақ құбылыстарының алдын алу мақсатында жолдарды көктайғаққа қарсы материалдар себілді және тазалау жүзеге асырылды. Көктайғаққа қарсы 763 тонна материалдар пайдаланылды. Сондай-ақ, қаланың жоғарғы бөлігінде тротуарлар мен қоғамдық көлік аялдамаларын қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде.
9 қараша күні таңертең қала жолдарын тазартуға 377 техника бірлігі, сондай-ақ оның ішінде 77 құм сепкіш және 1129 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Қазіргі уақытта қалада жолдар мен тротуарларды құлаған жапырақтардан жаппай тазарту жұмыстары жүргізілуде. Аудан әкімдіктерінде жұмыс барысын бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.
Қазгидрометтің болжамы бойынша, бүгін түстен кейін жауын-шашынсыз, бұлтты, ауа температурасы+2...+ 4°С болады, түнде жаңбыр жауып, арты қарға ұласуы мүмкін. Түнде желдің жылдамдығы 3-8 м/с және ауа температурасы 0-2 аяз күтілуде.
«Жолдың қозғалыс бөлігінде пайда болуы мүмкін көктайғаққа байланысты жүргізушілер қозғалыс жылдамдығын төмендетіп, автокөліктер арасындағы қашықтықты арттырып, кенеттен маневрлер мен тежеулерден аулақ болғандары жөн«, - делінген хабарламада.
Дереккөз: Almaty.tv.