02.11.2021

«Дөңгелек үстел» барысында сарапшылар мен қоғам өкілдері тарихи орындарды реконструкциялау және жаңа скверлер, саябақтар мен жаяу жүргіншілер аймақтарын салу барысын қарады.

Қоғамдық кеңістіктерді белсенді абаттандыру, қаланы көгалдандыру, мегаполистің барлық бөліктерінде жасыл орындар, аллеялар, серуендейтін аймақтар мен демалыс орындарын құру қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес жүргізілуде.

Осы саладағы іске асырылған кейстердің табысты үлгілерін, сондай-ақ алматылықтардың жайлылығын арттыру бойынша жоспарланған және әзірленіп жатқан жобаларды қалалық басқармалардың басшылары, қаланың Қоғамдық кеңесінің мүшелері, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылар мен БАҚ өкілдері талқылады.

Қоғамдық кеңістіктер – бұл қала тұрғындары үшін үнемі қолжетімді қала ортасының бөлігі. Қаланы дамыту стратегиясының басым бағыттары «жасыл қала» және «шетсіз қала» болып табылады.

Пандемия кезінде қалалық орта әр адамның өмірінде маңызды рөл атқаратыны белгілі болды. Белгілі бір шектеулерге байланысты қала тұрғындарының қадамдық қолжетімді жасыл кеңістіктер бар таза ауада жүруіне,жаяу жүретін жаңа бағыттардың болуына  қажеттілік туындады.

Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Левинскаяның айтуынша, абаттандыру арқасында қалада серуендейтін және демалатын жаңа орындар құрылуда. Бүгінде бір тұрғынға 7,7 шаршы метр жасыл кеңістік тиесілі. Қалада жалпы ауданы 825,27 га 167 саябақ аумағы бар, оның ішінде 14 саябақ, 122 сквер, 26 бульвар, 2 тоғай, 1 бақ, 2 аллея бар.

Сондай-ақ мегаполис аумағы арқылы ұзындығы 447 км. 49 өзен ағып өтеді, негізгілері: Есентай - 35,1 км; Үлкен Алматы - 29 км; Кіші Алматы - 28 км.

Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов атап өткендей, бүгінде Алматыда жалпы ұзындығы 54 шақырымды құрайтын 110 жаяу жүргіншілер аймағы бар.

«Қала алдағы уақытта мегаполистің рекреациялық әлеуетін тиімді пайдалана отырып, қаланың орталық бөлігінде де, шет аудандарда да жаңа қоғамдық кеңістіктер құруды жоспарлап отыр», - деді А. Ахмеджанов.

Спикер ұзындығы 380 метр болатын Мүсірепов көшесін Абай даңғылынан Чапаев көшесіне дейін өзгерту тұжырымдамасын мысалға келтірді. Концептуалды түрде жоба 2 тақырыптық бөліктен тұрады. Біріншісі – «Жыл мезгілдері» бульвары, Абай даңғылынан Сәтпаев көшесіне дейін, Ә. Қастеев атыңдағы мұражайға тоғысады. Екіншісі-тұрғын үйлер бойымен өтетін және Ботаникалық бақ пен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды Ә. Қастеев атыңдағы мұражайды байланыстыратын Мүсірепов көшесіндегі жаяу жүргіншілер бульвары Сәтбаев көшесінен Тимирязев көшесіне дейін.

Жобада Vision Zero қағидаты бойынша қауіпсіз өткелдер құру және жеке автокөліктер үшін тротуарды жабу көзделген.

Қоғам қайраткері Сергей Пономарев атап өткендей, Қоғамдық кеңес Алматыда қоғамдық кеңістікті дамыту жобаларын іске асыруға тұрақты мониторинг жүргізеді.

«Серпінді жобалардың бірі ретінде  қала орталығынан тауларға дейінгі өтпелі бағыттарды атап өткім келеді. Ауқымды жұмыс атқарылды. Бірнеше жылдан кейін қонақтар мен тұрғындар Медеуден қала орталығына дейін бірегей бағыт бойынша жүре алады», - деді С. Пономарев.

Қаланың басқа көшелерін осылай өзгерту барынша тартымды және ыңғайлы қоғамдық кеңістіктер құруға мүмкіндік береді.

Кездесуге қатысушылар жобаларда халықтың барлық топтарының: мүмкіндігі шектеулі азаматтардың, велосипедшілердің және жаяу жүргіншілердің мүдделері ескерілетінін атап өтті.

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі