Жасқталған дезбригадалар қажетті құралдармен, көліктермен және жеке бас қорғаныш заттарымен жабдықталған.
Алматы қаласында 2022 жылғы 05 сәуірден жалпы ауданы 2424,54 га болатын орманды және қала саябақтарында, скверлерінде кенелерге қарсы дезинсекциялық өңдеу жұмыстарының 1 кезеңі басталады. Өңдеу жұмыстарымен 8 орманды (көлемі - 1904,924 га) және 144 қала саябақтары, скверлері (көлемі – 519,616 га) қамтылады және ауа райына байланысты (құрғақ, жауын-шашынсыз күндері) кестеге сәйкес 2022 жылғы 5 сәуірден 5 мамырға дейін жүргізіледі. Кене энцефалитіне қарсы күрестің нәтижесі сапалы болуы үшін өңдеу жұмысы екі кезеңде жүргізіледі (2 кезең - мамыр, маусым айларында).
Дезинсекциялық іс-шараны қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандарының тікелей бақылауымен «Алматы қаласының дезинфекция орталығы» филиалы атқарады. Жасқталған дезбригадалар қажетті құралдармен, көліктермен және жеке бас қорғаныш заттарымен жабдықталған. Кене энцефалитіне қарсы дезинсекциялық өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін «Фаворит» акарицидтік препараты қолданылады. Препарат аз уытты және қауіпті емес санатына жатқызылады (3-4 класс). Кенелермен күресу үшін қолданылатын дозалар ең аз және адамдар мен жануарлар үшін қауіпсіз болып табылады. Өңдеу жұмыстары таңертеңгілік сағаттарда жүргізіледі. Өңделетін аумақтардың шекараларында «Кенеге қарсы өңдеу жүргізілуде» ескерту хабарламалары бар тақталар орнаталады.
Қала тұрғындары төменде көрсетілген сақтық шараларын сақтау қажет:
- акарицидты препараттың ерітіндісін денеге немесе киімге тигізіп алмас үшін, кенеге қарсы дезинсекциялық өңдеу жұмыстары жүргізілген жерлерден қашықтау жүру керек;
- жердегі шашыратқан препарат кепкенге дейін үй жануарларын өңдеу жұмыстары жүргізілген жерлерге жібермеу керек;
- өңдеу жұмыстары жүрізілген жерлерден 40 күн бойы саңырауқұлақ, шөп немесе жидектерді жинауға және пайдалануға болмайды;
- тұрғындар мен қонақтарға қала саябақтары мен скверлерге, табиғи ошақтарға кенелерге қарсы өңдеу жүргізуде және одан кейін 3 күнде бармау керек.
Дереккөз: Almaty.tv.