28 маусымда Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Алматы қаласының Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин кәсіпкерлік нысандарының жұмысына қатысты №19 қаулының тармақтарын түсіндірді.
Спикер Алматының эпидемиологиялық ахуалға қатысты қызыл аймаққа кіргенін, соған байланысты әлеуметтік экономикалық нысандары жұмыстарына шектеу шараларының қабылданғанын еске салды. Сондай-ақ Ashyq жобасының қатысушылары мен жобаға кірмейтін әлеуметтік-экономикалық нысандардың жұмысын шектеу критерийлерін ескертті.
Ж. Бекшин Ashyq жобасының қатысушылары емес мейрамхана, кафе мен кофеханалар бойынша қоғамдық тамақтану нысандарында (үй-жайда) жұмыс күндері сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген. Сондай-ақ 50%-ға дейін, бірақ 30 адам шамасында. Сенбі мен жексенбі күндері қызмет көрсету тыйым салынды тек алып шығу мен жеткізуге рұқсат етілді. Егер осы нысандар жобаның қатысушылары болса, онда олар 50%-ға дейін толтырылған кезде 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істей алады, бірақ 50 келушіден аспауы қажет.
Жазғы алаңдарда 50%-ға дейін толтырылған кезде сағат 7.00-ден 22.00-ге дейін 50 адам шамасында жұмыс істеуге рұқсат етілді. «Ashyq» қосымшасы болған кезде келушілер 50%-ға дейін 7.00-ден 02.00-ге дейін 50 адам шамасында жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
Фудкорттарға жұмыс істеуге тыйым салынады, алайда Ashyq жобасына қатысқан жағдайда сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі, ал келушілер 20%-ға дейін, бірақ 30 келушіден аспауы керек.
Жобаға қатысатын банкет залдарына сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін болған кезде, толымдылығы 30%-дан аспайтын әрі бір адамға кемінде 4 ш.м. алаңмен қамтамасыз етілген, бірақ 30 адам шамасында түскі астарын өткізуге рұқсат етіледі.
Моншалар сенбі мен жексенбіден басқа күндері жұмыс істеуге рұқсат етіледі, бірақ егер бұл нысан Ashyq қатысушысы болса, күн сайын жұмыс істей аласыз.
Спорт кешендеріне, спорттық-сауықтыру орталықтарына, фитнес-орталықтары мен йога-орталықтары Ashyq жобасына кірмейтін болса сенбі мен жексенбіден басқа күндері жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Қатысушылар шектеусіз жұмыс істейді.
Егер олар жобаға қатысушылар болмаса, караоке мекемелерінің жұмысына тыйым салынады. Қосымшамен жұмыс істеу кезінде олардың жұмыс тәртібі сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін 50%-дан аспайтын 30 адам шамасында қызмет атқарады.
Жандарбек Бекшин пилоттық жобаға қатысушыларды келушілердің QR-кодты сканерлеу ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Бұзушылықтар болған жағдайда бұл нысандар жобадан шығарылады.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі