Карантин және коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайдың өршуі кезінде бірқатар кәсіпкер қиындық көріп, шығынға ұшырап отыр. Осыған байланысты Алматыда пандемия кезінде ШОБ-қа қолдау көрсету шаралары қабылдануда — салық, жалдау ақысы мен несие төлемдерін кейінге қалдыру, қаржылық қолдау көрсету, пайыздық мөлшерлемені төмендету және өндіріс алаңдарын беру.
Барлығы 74 769 ШОБ субъектісі 23,5 млрд теңге мөлшерінде салық жеңілдіктерін пайдаланған, оның ішінде:
- еңбекақы қорынан алынатын салық бойынша — 14 мың теңге 24 мың субъект (6 айда – 21,6 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі, 3 айда — 2,4 мың ірі кәсіпкерлік субъектісі);
- жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша — 8 млрд теңге 50 мың ШОБ субъектісі (3 жылға микро және шағын бизнес);
- мүлік салығы бойынша — 769 субъекті (692 – ШОБ, 77 – ірі бизнес) 1,5 млрд теңге.
Несие төлемін кейінге қалдыру 127,3 млрд теңгеге 360 мың несие бойынша берілді, оның ішінде ШОБ — 72 млрд теңгеге 2889 несие бойынша:
- 16 наурыз бен 15 маусым аралығында — 40 млрд теңгеге 1588;
- 16 маусым мен 24 тамыз аралығында — 32 млрд теңгеге 1301.
Үй-жайларды жалға алу төлемінен босату 1,6 мың кәсіпкерге 376 млн теңге сомасына берілді.
«Бір орталық» қағидаты негізінде кең ауқымды консультациялық қызметтер көрсететін Qoldaý кәсіпкерлік орталығы жұмысын жалғастырып жатыр. 2019 жылдың қыркүйегінен бастап 2021 жылдың ақпанына дейін мына қызметтер тегін ұсынылды:
- 100 мыңнан астам консультациялық қызмет;
- сомасы 42 млрд теңгеден асатын 75 бизнес жоба қаржыландыруға дейін сүйемелденді;
- 500-ге жуық бизнес жоспар құрылды;
- 606 рұқсат құжатын алу сүйемелденді.
8 мыңнан астам адам кәсіпкерлік негіздерін оқып, Qoldaý start пен Qoldaý system бағдарламалары бойынша салалық курстардан өтті.
Қаржылық емес қолдау шеңберінде алматылық кәсіпкерлерді, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды және өз ісімен айналысуды жоспарлап отырған жастарды ақпараттық қолдау үшін «Almaty Business» тегін білім беру платформасы әзірленіп, іске қосылды. Бұл платформада 110 мыңнан астам адам тіркелген.
2021 жылы 4 бағыт бойынша қосымша шаралар кешені қалыптасты: бизнес жүктемесін азайту, қаржыландыруға, сұранысқа ие нарықтарға және жоғары сапалы адами ресурстарға қол жетімділікті кеңейту. Мемлекеттік қолдау шаралары аясында «Еңбек» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлер жылдық 6% мөлшерлемемен 22 млн теңгеге дейін жеңілдетілген несие ала алады.
«Аlmaty Business» өңірлік бағдарламасы бойынша Алматыда тіркеліп, жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілері жылдық 7% номиналды сыйақы мөлшерлемесімен несие ала алады.
Дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде «Almaty Business-2025» кешенді бағдарламасы бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 7%-дан 6%-ға дейін төмендетіліп, ең жоғарғы сома 300 млн-нан 500 млн теңгеге дейін ұлғайтылды.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі