Көктайғаққа қарсы 3050 тонна материал пайдаланылды.
Алматы қаласында қыстың соңғы айында рекордтық мөлшерде қар жауды: қалада 17-20 см қар (09.30-дағы жағдай бойынша), тау бөктеріндегі аудандарда 35 см-ге дейін, таулы жерлерде 50 см-ге дейін.
Көктайғақ құбылыстарының алдын алу мақсатында 00.00-ден бастап жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себіледі. Түнгі сағат 03.30-дан бастап жол полициясының патрульдік машиналарының еріп жүруімен қар күреу колонналары ұйымдастырылды. Таңертеңгі «қарбалас сағатта» автокөліктердің кедергісіз жүруін ұйымдастыру мақсатында магистральды көшелерде және қаланың жоғарғы бөлігінде қар үш рет тазартылды.
Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, жалпы пайдалану орындарын механикаландырылған және қолмен тазалау жұмыстары күшейтілді.
Сағат 09.30-дағы жағдай бойынша 450 м3 қар шығарылды.
Қарды тазалауға барлығы 616 бірлік арнайы техника, 1463 жол жұмысшысы жұмылдырылды, көктайғаққа қарсы 3050 тонна материал пайдаланылды.
Аудандық әкімдіктерде жұмыс өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.
Қазгидрометтің болжамы бойынша 15 ақпанда, күннің бірінші жартысында қардың жаууы тоқтайды. 15 ақпанда, күндіз ауа температурасы 0-3 градус аяз болады.
Дереккөз: Almaty.tv.