Magnum қантты сатуға шектеулер енгізді.
Алматы мен Нұр-Сұлтанда тұрақтандыру қорлары қанттың қымбаттауына жол бермеу шаралары қолға алды.
Елордалық тұрақтандыру қоры кәсіпкерлермен жеңілдетілген несиелер бойынша шарттарға қол қойды. Шартқа сәйкес бүгін 2 238 тонна қанттың бағасын тұрақтандыруға қаражат бөлінді.
«Жасылған келісімдер бойынша мамыр айына дейін Magnum желілерінде қанттың келісі 319 теңге тұрады. Қант »Астықжан«, "Вкусмарт«, "Аян«, "Шапағат» базарында, »Анвар» мен »Фермагта» қазан айына дейін 320 теңгеден сатылады. Тұрақтандыру кезеңінде бұл дүкендерде баға көтерілмейді, қанттың қымбаттауына ешқандай сыртқы факторлар әсер етпейді«, – деп хабарлады Astana әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметі.
Корпорация бағаны ұстау шаралары тек салмағы өлшенген құмшекерге қатысты екенін атап өтті. Бұл ретте сауда таңбасы әртүрлі қант сауда желілерінде сатылады.
Алматыда қазір қанттың бір келісі орта есеппен 285 теңге тұрады, дейді Magnum желісінің PR-менеджері Дмитрий Шишкин. Сұраныстың артуына байланысты Magnum-да бір адам ең көп дегенде 5 келі қант ала алады. Дүкендерге қант жақын күндері жеткізіледі.
«Қант биржалық тауар болғандықтан, оның құны нарықтағы құбылуларға, соның ішінде валюта бағамына тікелей тәуелді. Қазір қант өндірушілер биржалық сауданы күтіп, тауар тиелімін тоқтатты. Кейбір бөлшек саудагерлерде қор болмағандықтан қант тапшылығы туындады. Бұл өз кезегінде ірі сауда желілерінде қантқа сұраныстың артуына әкелді«, – деді ол.
Дереккөз: Almaty.tv.