Мерекелік шаралар қаланың сегіз ауданында да ұйымдастырылады.
Қала күніне арналған мерекелік шаралар 17 қыркүйекте Алматының сегіз ауданында да ұйымдастырылады.
Концерттер, көрмелер және басқа да танымдық-ойын-сауық іс-шаралары келесі орындарда өтеді:
Алатау ауданы – Атлеттер ауылы, сағат 11:00;
Алмалы ауданы – Ганди паркі, сағат 11:00;
Әуезов ауданы – Family Park, сағат 11:00;
Бостандық ауданы – Mega Alma-Ata СОО, Розыбакиев, 247а, сағат 11:00;
Жетісу ауданы – Гүлдер саябағы, сағат 11:00;
Медеу ауданы – Ғылым Академиясы алдындағы алаң, сағат 12:00;
Наурызбай ауданы – Шұғыла ш/а, 347/2, сағат 11:00;
Түрксіб ауданы – Сейфуллин атындағы саябақ, сағат 11:00.
Еске салсақ, Қала күніне орай мерекелік шаралар 16-18 қыркүйек аралығында өтеді. Тұрғындар мен қонақтарды концерт, жәрмеңке, фестиваль және тағы басқа күтеді. Мерекелік іс-шаралар бірден мына жерлерде өтеді: Тұңғыш Президент саябағы, Абай алаңы, Панфилов және Жібек Жолы көшелері, Абай атындағы ҚазҰОБТ алдындағы алаң, Астана алаңы және »Алматы Арена» мұз сарайы.
Дереккөз: Almaty.tv.