Алматыда кәмелет жасына толмағандар арасындағы қылмыс 25% төмендеді

08.04.2022

 Алматыда кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс - 25,4%, қылмыстардың қайталануы - 11,5%, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстар 18,9% төмендеді. Бұл туралы қаланың бас полицейі халық алдында есеп беру кезінде айтты.

 «2021 жылдың қорытындысы бойынша алдыңғы жылмен салыстырғанда қылмыстардың тіркелуінің 4 пайызға төмендеуіне қол жеткіздік. Өздеріңіз білетіндей, 2020 жылы пандемия кезінде қатаң локдаун барысында қылмыс 50% азайған болатын. Осыған қарамастан, статистика барлық салада қылмысты азайтудың жақсы үрдісі бар екенін көрсетіп отыр», – деді Қанат Таймерденов.

Алматының бас полицейі кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс - 25,4%, қылмыстардың қайталануы - 11,5%, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстар - 18,9% төмендегенін тілге тиек етті.

«Қылмыстың азаюына өткен жылы жүргізілген бірқатар іс-шаралар әсер етті. Бұл полицияның модульдік бекеттерін орнату және пайдалану, жаяу патрульдерді күшейту, сондай-ақ саябақ аумағында электрокармен патрульдеу жұмыстарын жүргізуді қамтиды. Біз әкімдік пен Ішкі істер министрлігінің қолдауымен қала тұрғындары мен қонақтарының өздерін жайлы әрі қауіпсіз сезінуі үшін бүкіл шараларды қолданып жатырмыз. Жалпы, өткен жылдың қорытындысы бойынша алға қойылған міндеттердің барлығын дерлік орындадық», – деді ол.

 

 

 

Дереккөз: inform.kz.