06.09.2023

Елімізде Италия халқының мәдениет институты ашылады. Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрлігінде өткен іс-шара барысында белгілі болды.

«Екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастық өте маңызды. Біз Италияда білім алатын қазақстандық жастарды көбірек көргіміз келеді. Біз, сондай-ақ, біздің студенттеріміздің де Қазақстанға келіп білім алғанын қалаймыз. Бірнеше аптадан кейін біз Алматыда Италияның мәдениет институтын ашамыз. Бұл аймақтағы алғашқы мәдени ошақ болмақ. Сондай-ақ, біздің мәдени дипломатияны дамытуға ниетіміздің дәлелі. Біз көп нәрсе істегіміз келеді. Біз үшін Қазақстан стратегиялық серіктес, сондықтан біз одан әрі байланыста болып, бірге жұмыс істейтін боламыз», - деді Италия Республикасының Министрлер кеңесі төрғасының орынбасары Антонио Таяни БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатында.

Одан әрі шетелдік мейман еліміздің Сыртқы істер министрлігімен жасалған келіссөздерге қанағаттанғанын білдірді.

«Екіжақты делегацияның кездесуі өте жағымды жағдайда өтті. Біз үшін Орталық Азиядағы үлкен елмен саяси қатынастарды нығайту маңызды. Сіздердің еліңіз соншалықты үлкен, бірнеше Еуропа елінің аумағын алып жатыр. Біз Қазақстанда қабылданып жатқан және біз қолдайтын реформаларды ғана емес, халықаралық аренада сенімділікке деген қарым-қатынасын бағалаймыз», - деп толықтырды Антонио Тайани.

Айта кетейік, бүгін Астанаға Италия Республикасының Министрлер кеңесі төрғасының орынбасары – Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Антонио Таяни ресми сапармен келді.

 

 

 

Ақпарат көзі: Kazinform