26.04.2023

Алматы қаласының аумағында декоративті гүлдермен көгалдандыру көлемі 2023 жылы шамамен 185 мың шаршы метрді құрайды, оның ішінде 50 мың шаршы метрден астам жылдық, 100 мың шаршы метр көпжылдық және шамамен 32 мың шаршы метр газон.

2022 жылдың күзгі кезеңінде жалпы ауданы 15 469 шаршы метрге баданалы гүлдер отырғызылды. Ауа-райы қолайлы болса қызғалдақтар мамырдың ортасына дейін гүлдейді. Қызғалдақтардың гүлденуінен кейін біржылдық және көпжылдық гүлзарларды отырғызу жұмысы басталады.

Көпжылдық гүлзарларға кезең-кезеңмен көшу аясында көпжылдық гүлдердің үлесі 2023 жылы 60%-ды құрайды.

Алматы қаласын декоративті гүлдермен көгалдандыру бес жылда бір рет жаңартылады. Гүлдер негізінен белгіленген үлгі бойынша таңдалады. Қазіргі уақытта Алматыда коламбус, абба, династия, раушан, эхинацея, күндізгі гүл, лаванда, шалфей, мискантус, гортензия, бегония, петунья, герань, таггетис, сальвия және т.б. отырғызылуда.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында қаланы декоративті көгалдандыру жұмыстарына 400-ге жуық адам және 50-ден астам техника жұмылдырылды.

 

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv