Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша Алматы қаласының стационарларын, емханалары мен дәріханаларын дәрі-дәрмекпен және медициналық заттармен қамтамасыз ету бойынша апта сайын мониторинг жүргізіледі.
Бүгінгі күні коронавирус инфекциясын емдеуге қажет дәрі-дәрмектер қаланың барлық дәріханаларында бар. Қаржыландыру есебінен фармацевтикалық компаниялар жалпы құны 40 млн асатын дәрі-дәрмектер мен медициналық заттардың 68 түрін сатып алып, барлығын қалаға жеткізді.
Минималды азайтылмайтын қор қалыптастырылып, сақталуда. Бұл үш айлық көлемінің 40%-ын құрайтын 8 млн-нан астам дәрі-дәрмек, қоймаларда дәрі-дәрмектің 20 млн-нан астам данасы бар.
Осылайша, қалада 2 айлық қор қалыптасқан. Тұрақтандыру қорынан дәрі-дәрмектер қала дәріханаларына тұрақты түрде жеткізіледі.
Сонымен бірге, Тұрақтандыру қорындағы дәрі-дәрмектер тізімінде жүрек-қан тамырлары ауруларының профилактикасы бойынша 8 дәрі-дәрмек аталымы, соның ішінде Аспирин Кардио, Тромбо АСС, Тромбопол және Ацетилсалицил қышқылы бар.
Қоймаларда 150 мг және 75 мг 92840 қаптама кардиомагнил бар.
Осы препараттарды қала дәріханаларында сату мәселесін шешу үшін қазір фармацевтикалық компаниялар дәрі өндірушілермен өткізу бағасын төмендету туралы келіссөздер жүргізуде.
Жеткізушілер мен қала дәріханаларында кардиомагнил сияқты ХПА (халықаралық патенттелмеген атаулар) баламалы дәрі-дәрмектер бар – Trombopo НEO, Асс тромбин, Tромбо АСС 100 мл.
Қала дәріханаларын медициналық маскамен қамтамасыз ету 100%-ды құрайды. Алматыда 6 ірі отандық компания жұмыс істейді, олардың жалпы өндірістік қуаты – күніне 1 млн-нан астам бетперде шығарады. Бұдан өзге 26 млн-нан астам маска 15 жеткізушінің қоймасында тұр. Қоймаларда 460 мың термометр де бар.
Жалпы, Алматыда дәрі-дәрмек пен маскаға деген сұраныс жоғары емес. Жағдай тұрақты.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі