14.12.2022

Іс-шараның мақсаты қоғамдық тенденция мен сұраныстарды ескере отырып, жастардың мамандық таңдау, мансап құруда жеке әлеуетін қалыптастыру.

Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы қала жастарына арналған CAREER TIME кәсіби бағдар беру фестивалін өткізуде.

Іс-шараның мақсаты қоғамдық тенденция мен сұраныстарды ескере отырып, жастардың мамандық таңдау, мансап құруда жеке әлеуетін  қалыптастыру.

Бағдарламада кәсіпкерлердің, соның ішінде Қуаныш Шонбай, Әсел Машанова, коуч – кәсіптік бағдар беруші Альмира Тұрсын, сондай-ақ әртүрлі облыстардан келген мамандардың мотивациялық бағыт-бағдар беруі, компания қызметкерлерінен, жетекші HR-мамандардан, психологтан, конфликтологтан шеберлік сыныптары қарастырылған, ал қаланың жоғары оқу орындары күні бойы өтетін көрмеде білім беру бағдарламаларын ұсынып, білім алудың мүмкіндіктері туралы айтып береді. 

«Заманауи жас азаматтарға талапқа сай бейімделіп, трендтерді бақылап, жаңа мамандықты игеруге дайын болуы керек. Бұл өзекті әрі сұраныстағы білімге сүйене отырып, өзінің өмір жолын саналы түрде таңдау керектігін көрсетеді«, – деп атап өтті ұйымдастырушылар.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.