Алматыда бос тұрған ғимараттар орнында әлеуметтік нысандар ашылады

02.11.2020

Бос тұрған ғимараттарды әлеуметтік нысандар ашу үшін беру туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингінде Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Рүстем Әлиев айтып берді.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша қаңырап бос тұрған ғимараттар әлеуметтік нысандар — мектеп, балабақша, емхана ашу үшін беріледі.

Биыл қала республикалық меншіктен бос тұрған екі нысанды қабылдады:

  • Түрксіб ауданы Тынышбаев көшесі, 4/6, ауданы 491,3 ш.м үш литерден тұратын кешен. Қайта жаңартылғаннан кейін бұл жерде психоневрологиялық патологиялары бар мүгедек балаларға арналған 60 орынға есептелген күндіз қабылдайтын орталық ашу жоспарлануда;
  • Бостандық ауданы Алмалы бақ көшесі, 4А, тұрғын үйдегі ауданы 196,9 ш.м бөлме. «Бақытты отбасы» кешенді бағдарламасы аясында бұл жерде «Іскер Ана» орталығын ашу жоспарлануда.

«Жеке және заңды тұлғалар мүлікті қала сыйына өтеусіз берген кездегі сыйға тарту әдісі – бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің үлгісі болып табылады», — деп атап өтті Р.Әлиев.

Жеке заңды тұлғалардан сыйға тарту шарты бойынша үш нысан қабылданды:

  • Бостандық ауданы Егізбаев көшесі, 7А, ауданы 3115,7 ш.м болатын балабақша. Мұнда 150 орынға есептелген №191 мемлекеттік балабақша ашылды. Балабақша тұзды шахтамен және сенсорлық бөлмелермен жабдықталған.
  • Алмалы ауданы Мәуленов көшесі, 46 «Elit Towеr» тұрғын үй кешенінің бірінші қабатындағы ауданы 217,1 ш.м тұрғын емес бөлме. Жергілікті тұрғындардың қажеттіліктерін ескере отырып, оқырмандарға қызмет көрсету үшін ашық аймақтармен коворкинг-орталық кітапханасын ашу көзделеді (оның ішінде тілдерді оқыту курстары, түрлі үйірмелер бар).
  • «Атакент» КІЫО аумағындағы абаттандыру объектілері — орындықтар, қоқыс жәшіктері, субұрқақтар. Коммуналдық меншікке өткеннен кейін  аудан әкімдігі уақытылы қызмет көрсетіп, күтіп ұстауды ұйымдастырды.

Жетісу ауданында 59,5 ш.м. бос тұрған ғимаратта коммуналдық меншік нысандарын қайта бөлу арқылы домбыра мектебі ашылды, онда балалар халық аспаптарында ойнауды тегін үйренеді.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі