Алматы қаласы әкімдігінде экономиканың аса зардап шеккен секторларын қолдаудың қосымша шаралары туралы айтылды.
ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 17 сәуірдегі қаулысымен 2021 жылдың соңына дейін экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарға толықтырулар енгізілді. Негізгі толықтырулар қатарында шағын және орта бизнес субъектілерін айтарлықтай қолдауды көздейтін шаралар бар.
Алматы қаласының әкімдігі ұзақ уақыт бойы орталық мемлекеттік органдармен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін енгізілген шектеу іс-шаралары шеңберінде зардап шеккен бизнес субъектілеріне қолдау көрсету бойынша келіссөздер жүргізді. Келіссөздер нәтижесінде экономиканың зардап шеккен шеккен салаларында шағын және орта бизнес субъектілері экономикалық қызмет түрлерінің тізбесі 346 ЭҚЖЖ (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші) дейін кеңейтілді. Осылайша, аталған экономикалық қызмет түрлеріне жататын бизнес субъектілері несие төлемдерін кейінге қалдыра алады.
Белгіленген тәртіпке сәйкес, микро, шағын және орта бизнес, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік өкілдеріне кәсіпкерлік мақсатта 2021 жылғы 1 сәуірге дейін берілген банктік қарыз бен микро несие бойынша төлемдерді кейінге қалдыру ұсынылады. Төлемдерді кейінге қалдыру мерзімі қарыз алушының өз таңдауы бойынша 30 күннен 90 күнге дейін жетеді.
Төлемдерді кейінге қалдыру үшін қарыз алушылар өз банкіне немесе микроқаржы ұйымына 2021 жылғы 30 маусымға дейін хабарласуы тиіс. Бұдан бұрын енгізілген салалардан (өңдеу өнеркәсібі, ақпарат, көлік, қоймалау) басқа экономиканың зардап шеккен салаларының тізбесіне өнер, ойын-сауық және демалыс, көтерме және бөлшек сауда, тұру және тамақтану қызметтерін ұсыну мен бірқатар басқа да бағыттар кіреді.
Бұдан басқа 2021 жылғы 30 маусымға дейін шағын және орта бизнес субъектілері үшін мемлекеттік және квазимемлекенттік ұйымдардың меншігіндегі жылжымайтын мүлік нысандары бойынша жалға алу төлемдерін есептеу уақытша тоқтатылады.
Алматыда 2020 жылы карантин режимі кезінде шағын және орта бизнестің 75 мың субъектісі сомасы 23,5 млрд теңгені құрайтын салық жеңілдіктерін пайдаланғанын естеріңізге саламыз. Сомасы 127,3 млрд теңгені құрайтын 360 мың қарыз бойынша, оның ішінде, шағын және орта кәсіпкерлік – сомасы 72 млрд теңгені құрайтын 2889 қарыз бойынша (16 наурыздан 15 маусымға дейін – сомасы 40 млрд теңгені құрайтын 1588 қарыз; 16 маусымнан 24 тамызға дейін сомасы 32 млрд теңгені құрайтын 1301 қарыз) несие төлемдері кейінге қалдырылды. 1,1 мың кәсіпкер 376 млн теңге сомасына нысандарды жалға алу төлемінен босатылды.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі