14.06.2021

Алматы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров Өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн баспасөз-конференциясында ШОБ қолдау мен қала тұрғындарын жұмыспен қамту шаралары туралы хабарлады.

І. Өсеровтің мәліметтері бойынша, ағымдағы жылдың 1 маусымына Алматыда 31 мың жұмыс орны ашылды. Бұл ретте қала бойынша орташа айлық жалақы республикалық деңгейден 16,3%-ға жоғары және жыл сайын өсуде.

Ағымдағы жылы ШОБ жеңілдікпен несиелендіру құралдары кеңейді, бұл қала тұрғындарының жұмыспен қамтылуына оң әсерін тигізді. Несиені жеңілдік шарттармен қайта қаржыландыру, сондай-ақ несиелер бойынша мерзімін ұзарту мүмкіндігі берілді. Зардап шеккен салалар үшін салықтық ынталандыру шаралары қабылданды.

Қолдау бағдарламаларының арқасында шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс жасайтын субъектілерінің саны шамамен 1%-ға өсті.

2020 жылы 74 мыңнан астам кәсіпкер салықтық жеңілдіктерге ие болды. Зардап шеккен салалардың 3 мың қарыз алушыларының несиелері кейінге қалдырылды, 300-ден астам кәсіпкер коммуналдық меншік нысандарында жалдау ақыларын төлеуден босатылды. Арзан мөлшерлеме бойынша кәсіпкерлердің 1 мыңнан астам жобалары қаржыландырылды.

«Кәсіпкерлердің тиімді жұмыс істеуі үшін біз нарыққа қатысушылар арасында өзара тиімді және ұзақ мерзімді экономикалық қарым-қатынасты қалыптастыру үшін жағдай жасаймыз«, - деп хабарлады І. Өсеров.

Мәселен, Алматы банктері 3 трлн теңгеден астам несие берді. Оның ішінде 643,9 млрд теңгені шағын кәсіпкерлік үшін несиелер құрады. Жалпы, жыл басынан бері шағын бизнесті несиелеу 2,6 есе өсті.

«Жоғары табысты жұмыс орындарын құру үшін біз экономикада құрылымдық маневр жасауға кірістік. Бұл құрылымдық маневр басым салаларды дамыту көрініс тапқан Алматы-2050 Стратегиясында қарастырылған. Туризм, цифрландыру, креативті экономика салалары дамудың басты салалары болып белгіленді», - деп атап өтті І. Өсеров.

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі