13.07.2022

2022 жылғы түлектер Алматыдағы 83 колледжге түсе алады. Оның 23-і мемлекеттік, 60-ы жекеменшік. Бұл туралы қалалық білім басқармасы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Ерік Әбішаев мәлім етті.

Спикер ең алдымен бюджеттік орындар бөлінген салаларға тоқталды.

«Білім - 900 орын, өнер-гуманитарлық - 950 орын, әлеуметтік ғылымдар - 25 орын, бизнес, менеджмент және құқық - 1000 орын, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»– 2058 орын, машина жасау, өңдеу өнеркәсібі және құрылыс индустриясы – 6158 орын, ауыл, орман, балық шаруашылығы және ветеринария – 160 орын, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру – 1066 орын, қызмет көрсету –2588 орын», - дейді ол.

Сонымен қатар, Ерік Әбішев биыл Алматыда 83 колледжге түсуге болатынын жеткізді.

«Оның 23-і мемлекеттік, 60-ы жекеменшік. Өткен жылдың қорытындысы бойынша мегаполис колледждерінде 19 230 білікті маман дайындалса, оның 10 278-і мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алды. Барлық түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші 98 пайызды құрады», - дейді спикер.

 

 

 

Дереккөз: inform.kz