Алматыда биыл 12 600 оқушыға арналған 8 мемлекеттік мектеп салынады

21.05.2021

Алматыда оқушы орындарының тапшылығы қалай шешіліп жатқаны туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингі барысында қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов айтып берді. Оның айтуынша, жыл соңына дейін оңтүстік астанада 12 600 орындық 8 жаңа мемлекеттік мектеп салынады. Оның бесеуі Алатау ауданында. Білім басқармасының өкілі Қайрат Жұманов оқушы орнының тапшылығынан балаларға басқа мектептерге баруға тура келгені туралы айтты.

Бұл «Дархан» шағын ауданында болды. Жергілікті биліктің қабылдаған шаралары арқасында 1500 орындық мектеп салынады. Осыған ұқсас жағдай «Томирис» шағын ауданында болды. Қазір мұнда 1500 орындық жаңа мектеп салынуда.Қ. Жұманов «Рахат-Мәдениет» шағын ауданындағы №196 мектепте үш ауысым болғанын хабарлады. Мұндағы оқушылар контингенті жобалық қуаттан асып түсті. Бұл мәселе 1500 орындық тағы бір мектеп құрылысының арқасында шешіледі. Осы мектептің аумағында болашақта мемлекеттік балабақша салынады. Сонымен қатар, Түрксіб ауданының «Қайрат» шағын ауданында 1500 орындық тағы бір мектеп ашылады.

Жаңа мектептер салу туралы айта келе, спикер жобаларды әзірлеу кезінде шет елдердің тәжірибесі ескерілетінін атап өтті.

«Жаңа мектептер бірегей, оларда бастауыш сыныптарға, орта буынға және жоғары сыныптарға арналған блоктар бар. Олар сыртқы және ішкі жағынан жаңа көрінеді. Құрылыс кезінде заманауи экологиялық материалдар пайдаланылады», - деді Қ. Жұманов. Мектеп ғимараттары ортақ пайдаланылатын аймақтары бар бөлек оқу блоктарынан тұратын болады, бірінші ауысымда 1500-ден 1800-ге дейін бала оқитын болады.

Сондай-ақ, Қ. Жұманов жаңа корпустар салу арқылы бірқатар жүктемес ауқымды мектептерді кеңейту туралы айтты. Қазіргі уақытта мектепте жанынан 17 жаңа қосалқы нысан салынуда, соның арқасында 8 мыңнан астам жаңа оқушы орны пайда болады.

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі