Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов кәсіпкерлік субъектілерін қолдау шаралары туралы айтып берді.
«Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы жанында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді, ол бизнеске тегін сервистік қолдау көрсетеді. Осыған ұқсас қызметтерді services.atameken.kz порталы арқылы алуға болады.
2020 жылғы 2 қарашадағы жағдай бойынша 4325 офлайн қызмет көрсетілді, бірегей тұтынушылар саны 3957 адамды құрады, 432 бірегей тұтынушыға 572 онлайн қызмет көрсетілді. 29 кеңесші тарапынан барлығы 4897 қызмет көрсетілді, бұл жоспардың 108,55%-ін құрайды. Биыл эксперименттік режимде қызметтердің бір бөлігі аутсорсингке берілді. 1 қыркүйектен бастап «Salyk consulting» жеке кәсіпкерлігінің консалтингтік компаниясы өз жұмысын бастады, ол байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз болып, сервистік қызметтер көрсетуде.
«Танымал қызметтердің бірі – бұл бизнес жоспар құру. Тек осы жылдың өзінде біздің кеңесшілер 2,3 млрд теңге сомасына 218 бизнес жоспар жазды. Оның ішінде екінші деңгейлі банктерде 950 млн тг сомасына 78 жоба мақұлданды», — деп атап өтті Айтуар Қошмамбетов.
Сонымен қатар «Бизнес-мектеп» бағдарламасы бар, онда бүгінгі таңда 1338 адам оқытудан өтті. Отандық сарапшыларды тарта отырып, «Аға сеньорлар» компоненті бойынша Алматыда «Level A» ЖШС және «DML» ЖШС үшін екі миссия өткізілді.
«Бастау Бизнес» жобасы аясында 2600 адам оқуды аяқтады (2 128 тыңдаушы аяқтағаны туралы сертификат алды, 472 тыңдаушы қатысқаны туралы сертификат алды), оның ішінде: 48 қатысушы мүгедек, 400 — көпбалалы ана және көпбалалы отбасы мүшелері, 278 — аз қамтылған адам және отбасы мүшелері, NEET санатындағы жастар – 448 (әлеуметтік және экономикалық сипаттағы белгілі бір жағдайларға байланысты оқымайтын, жұмыс істемейтін және біліктілігін арттырмайтын жастар), 219 – кәсіпкер, қандастар – 39, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 217 және жұмыссыздар — 951 қатысушы.
2020 жылы Алматы қаласы бойынша 1705 грант бөлінді, оның ішінде 818 грантты «Бастау Бизнес» жобасының 2019 жылғы түлектері алды, ал қалған 687 грантты 2020 жылғы оқуды аяқтаған қатысушылар алды.
Бүгінгі таңда 2020 жылдың 1334 түлегі 5 бағыт бойынша өз бизнесін бастады:
- тігін цехы (ателье, киім жөндеу, шақтау, тігу) – 581;
- сұлулық салоны (шаштараз, тырнақ сервисі орталығы, макияж орталығы) – 293;
- кондитерлік цех (шағын наубайхана, кондитерлік дүкен, нан-тоқаш өнімдері) – 95;
- қоғамдық тамақтану (асхана, фастфуд, фудкорд, аспазхана, кофехана, дөнерхана, кафетерий, пиццерия, бургерхана) – 75;
- фотостудия (монтаж, бейнежазба, фотосалон) – 59.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі